ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ ТУҒАНЫНА - 110 ЖЫЛ «Қасым поэзиясы және әдеби көркем сын» тақырыбындағы сыр-сұхбат
09-04-2021 17:52
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ ТУҒАНЫНА - 110 ЖЫЛ  «Қасым поэзиясы және әдеби көркем сын»  тақырыбындағы сыр-сұхбат

2021 жылы 09 сәуір күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және «Мұрагер» мектеп-интернатының ұйымдастыруымен Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Қасым поэзиясы және әдеби-көркем сын» тақырыбында әдеби-танымдық сыр-сұхбат өтті. 

Мақсаты: Қасым шығармашылығына қалыптаса бастаған жаңаша көзқарасты таныту арқылы ақын поэзиясының жаңа сипаттарын анықтау.

Сыр-сұхбатқа

 - Доцент, филология ғылымдарының кандидаты  Бабашев Азат Мақсұтбекұлы;

- Республикалық әдеби-қоғамдық «Қасым» журналының бас редакторы, Жазушылар одағының облыстық филиалы директоры Серік Сағынтай;

- Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қасымтану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері Алмаз Мырзахмет,

- журналист, ұстаз-аудармашы, «Толық адам және төрт даму» жобасының негізін салушы Ернат Мелсұлы;

- Қали Байжанов атындағы Қарағанды облыстық филармониясының әншісі, 4-ші халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Жүсіпбек Елебеков атындағы 3-ші Республикалық ән конкурсының бас жүлдегері Базарбеков Ержан Наурызбайұлы қатысты. 

    Сыр-сұхбат барысында ақиық ақын Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы мағыналы да құнды мәліметтер беріліп, ақын өлеңдері жатқа айтылды, әндері шырқалды. Қонақтар сұрақтарға жауап беріп, «Қасымтану» бағыты бойынша жасалып жатқан жұмыстарымен бөлісті, ақын шығармашылығына деген көзқарастарын, ойларын білдірді.