2021 жылдың 9 сәуірінде «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК базасында «Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында «Жас маман» жобасын жүзеге асырудағы әлеуметтік серіктестік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге ҚО ББ ТжКБ бөлімінің, ҚО ББД ОӘО өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Адами капиталды дамыту» бөлімінің өкілі, ҚР колледждер қауымдастығының президенті, «Абай аудандық мәслихатының аппараты» ММ басшысы және колледждің әлеуметтік серіктестері шақырылды.
Қатысушыларды әлеуметтік серіктестікті және Worldskills қозғалысын республикалық деңгейде дамыту қажеттілігі туралы ақпараттандыру мақсатында аталған іс-шарада ҚР колледждер қауымдастығының президенті М. Е. Омаров және «Talap» КЕАҚ Worldskills қозғалысын дамыту басқармасының басшысы Р.Г. Гасимов сөз сөйледі.
«Жас маман» жобасы аясында әлеуметтік серіктестіктің рөлі» тақырыбында колледждің әлеуметтік серіктестері Е.Крюков пен А.Т. Жeматаева сөз сөйледі.
«Жас маман» жобасын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ директоры М.К. Ибраев сөз сөйледі.
«VITAVET» ЖШС әлеуметтік серіктестігі онлайн режимінде шеберлік сабағын өткізді («Ветеринарлық хирургия» зертханасынан тікелей көрсетілім).
Іс-шара соңында қатысушылар әлеуметтік серіктестікті дамыту траекториясын, оның мәселелері мен осы мәселелерді шешу жолдарын талқылады.