Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған онлайн-семинар
09-04-2021 13:49
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған онлайн-семинар

2021 жылдың 09 сәуірінде Қарағанды облысы колледждері кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Тәжірибені енгізу: кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру»  тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Семинар барлығы 32 кітапханашыны  қамтыды.

Семинар жұмысына ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры А.А. Насырова қатысып, колледж кітапханашыларымен білім беру кітапханаларын кешенді дамыту туралы диалог жүргізді.

КЕАҚ ҚарТУ әріптестері,  Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, сонымен қатар «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі»  КМҚК оқытушылары кітапхана ісі және білім беру ұйымдарындағы кітапханаларды автоматтандыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында тәжірибе алмасуға арналған қызықты пікірталас алаңы пайда болды.