Размер шрифта:
2015 жылдың 26 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Құқық» пәні облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
26-10-2015 11:30

         Отырысқа «Құқық», «Құқық негіздері» мамандықтары бойынша Қарағанды облысы колледждерінен 19 оқытушы қатысты. Отырысты алғы сөзбен ҚО ББД ОӘО әдіскері Еставлетова Атыркуль Алгатаевна ашты.

        Көп салалы гуманитарлы-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Койшыбаева Кундыз Жакеевна «Қылмыстық құқық» пәні бойынша, Де БОНОНЫҢ «6 қалпақ әдісі» негізінде «Қылмыс туралы түсінік және оның белгілері» тақырыбында баяндама жасады.

      «Колледжде заң саласы пәндерін оқытудың инновациялық формалары мен әдістері»  тақырыбында Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушысы  Ефименко Ольга Викторовна  кеңінен баяндады.

      Отырыс барысында оқытушылар ұсынған инновациялық формадағы авторлық жұмыстар қатысушылар арасында өте үлкен қызығушылық тудырды.

     «Құқық» ОӘБ жетекшісі С. Б. Абутаева оқытушылар мен студенттер арасында өтетін «Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп» тақырыбындағы ғылыми-теориялық конференцияның ережесінің жобасын ұсынды, қатысушылар жоба жөніндегі өз ойларын ортаға салды.