Размер шрифта:
Қолданбалы бакалавриатты іске асыру
16-04-2021 09:18
Қолданбалы бакалавриатты іске асыру

2021 жылдың 16 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриатты оқыту мәселесі бойынша қорытынды онлайн-кеңес өткізді.

Кеңеске қатысушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Бакиткул Химальдиновнаның алғы сөзінен кейін «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ  директоры Мамраева Гайни Баймагамбетовна «Колледжде қолданбалы бакалавриаттың жүзеге асырылуы туралы ақпарат» тақырыбында сөз сөйледі.

Оқу-әдістемелік орталығы барлық қатысушыларды жұмыс жоспарының жобасымен және осы бағыт бойынша нормативтік-құқықтық актілердің тізімімен, бұл ақпараттың барлығының оқу-әдістемелік орталықтың сайтына жүктелу шартымен таныстырды.