Размер шрифта:
«Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті
16-04-2021 09:22
«Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті

2021 жылдың 16 сәуірінде ZOOM платформасында «Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті.

Отырысқа 17 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Крылова Н. В., «Қарағанды  технология және сервис колледжі» КММ, «Тұлғаның адамгершілік және физикалық дамуына ықпал ету және тәрбие процесінің сапасын арттыру, колледждің тәрбие жүйесін дамыту» тақырыбында;

2. Сидорович Е.А., «Қарағанды  технология және сервис колледжі» КММ, «Колледж студенттерінің еріктілер қызметі» тақырыбында;

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ төрайымы Коба И.П. отырыстың қорытындысын шығарды.