Размер шрифта:
«Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға экологиялық тәрбие беру вебинары
20-04-2021 16:32
«Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында  ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға экологиялық тәрбие беру вебинары

2021 жылдың 20 сәуірінде «Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында Қарағанды облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының   педагогтері  үшін  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға экологиялық тәрбие беру вебинары өткізілді.

Вебинар спикерлері  Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы КМҚК әдіскері Сатибалдина Лаура Ергалиевна және тәрбиешісі Аманжол Жаннұр Ерболатқызы; Қарағанды облысы білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ мұғалім-дефектологі, Қарағанды облысының арнайы ұйымдары педагогтеріне экологиялық білім беру бойынша Ресурстық алаңының менеджері Усольцева Ольга Владимировна ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеуде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинарға Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарының 183 педагогтері қатысты.