«Тау-кен ісі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы
2021 жылдың 20 сәуірінде «Тау-кен ісі» бағыты бойынша колледж оқытушыларының кезекті отырысы өтті.
Іс-шара Zoom платформасында өтті және арнайы пәндер сабақтарында IT-технологияларды пайдалану мәселелеріне арналды.
Отырысқа облыстың 6 колледжінен 15 педагог қатысты. Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің оқытушысы Б.А. Жанбирбаев және Шахтинск технологиялық колледжінің оқытушысы Г. М. Хамзина өз тәжірибелерімен бөлісті. ҚО ББД ОӘО әдіскері Г.Т. Умиртаева қатысушыларға электронды педагогикалық аттестаттау бойынша түсіндірме жүргізді.
Отырыстың материалдары одан әрі пайдалану үшін «Тау-кен ісі» бағыты бойынша жұмыс чатына жіберілді.