Размер шрифта:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Көлік - прогресс жолындағы жетекші буын» тақырыбындағы қашықтықтан өткізілген конференция
20-04-2021 15:07
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Көлік - прогресс жолындағы жетекші буын»  тақырыбындағы қашықтықтан өткізілген конференция

2021 жылдың 1-ші наурызы мен 20-шы сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Көлік - прогресс жолындағы жетекші буын» тақырыбында аймақтық қашықтықтан ұйымдастырылған конференция өтті.

Конференцияны ұйымдастырушылар – Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі.

Конференцияның мақсаты: студенттер мен оқытушылардың теміржол көлігін дамытудағы өзекті мәселелері бойынша тиімді тәжірибе алмасу алаңын құру.

Конференцияның міндеттері:

- ғылыми-зерттеу саласындағы қабілетті және дарынды студенттерді анықтау;

- студенттердің ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіндегі үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау;

- «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ кәсіпорындарының өкілдерін теміржол мамандықтары бойынша ТжКБ оқу орындарымен ынтымақтастыққа тарту;

Ұйымдастыру комитетіне Қарағанды облысының 7 колледжінен 26 мақаладан тұратын 26 өтініш келіп түсті.

Конференцияға қатысушылардың мақалалары жоспарланған 4 бағыт бойынша ұсынылды:

1-бағыт. «Теміржол көлігіндегі инновациялық технологиялар»;

2-бағыт. «Қазақстандағы көлік жүйесінің қазіргі жағдайы және теміржол саласының даму болашағы»;

3-бағыт. «Теміржол тасымалын ұйымдастырудың заманауи технологиялары»;

4-бағыт. «Теміржол көлігіндегі экологиялық аспектілер, сервис, қауіпсіздік технологиялары, еңбекті қорғау».

Ұйымдастыру комитеті сарапшылар тобын анықтап алғаннан кейін, сарапшылар тобының мүшелері ұсынылған жұмыстарды арнайы критерийлер бойынша бағалады.

Сараптамалық топтың құрамына көп жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар кірді,  сондай-ақ, аймақтағы өндірістік кәсіпорындардың өкілдері, Қарағанды техникалық университетінің оқытушысы және Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің оқытушыларынан құралды.

1) С.Г.  Жазыбаев – «ҚТЖ» АҚ филиалы - магистральдық желісінің Қарағанды филиалы ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығының бастығы;

2) Л.Ж. Адыканова - Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

3) І.С. Махашева – Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

4) Д.Т. Түсіпов – Қарағанды станциясының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бастығының орынбасары;

5) Е. Аткен – ҚарТУ-дың «Өндірістік көлік» кафедрасының аға оқытушысы;

6) Б.Е. Айқожин – Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

2021 жылдың 20 сәуірінде Zoom платформасында конференцияның қорытындылары шығарылып, үздік мақалалар жарияланды.

Сарапшылар тобы қатысушылардың қорытынды ұпайларына сәйкес I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болған 3 мақаланы атап өтті. Сонымен қатар,  қатысушылар Zoom платформасында демонстрация арқылы өз жұмыстары туралы тоқталып, қысқаша баяндап өтті.

І дәрежелі дипломды - «Қарағанды теміржол колледжі» КММ студенті:  Перова Юлия Денисовна,  жетекшісі: Мадина Сапарғалиқызы Мақажанова;

II дәрежелі дипломды - «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» студенті: Қаратай Бекжан Бауыржанұлы, жетекшісі: Берлібекова Анар Ергалиевна;

ІІІ дәрежелі дипломды «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ студенті:  Орал Айдана иеленді,  жетекшісі: Қазбекова Сандуғаш Рамазанқызы.

Конференция соңында барлық қатысушылар сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды!