Размер шрифта:
2015 жылдың 28 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу -әдістемелік орталығында «Экономика» пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
28-10-2015 11:05
2015 жылдың 28 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу -әдістемелік орталығында «Экономика» пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

2015 жылдың 28 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу -әдістемелік орталығында «Экономика» пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.  Отырыс оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеру және тәжірибе алмасу мақсатында жүргізілді.

Қатысушылар отырыс барысында арнайы экономика пәндерін оқытудағы әдістер жобасын талдап, тәжірибелерін ортаға салды және баяндамалар тыңдады:

1.   «Экономика мамандықтары үшін оқу үрдісінде іскерлік ойындарды пайдалану».

2.   «2016 жылдың наурызында мектеп оқушылары мен колледж оқушылары арасында өтетін «Миллионға арналған идея» тақырыбындағы бизнес-идеялар конкурсы ережесінің презентациясы».

3.  «Жобалық әдіс – студенттердің тәжірибелік дағдыларын арттырудың құралы ретінде».

4.  «Инновациялық технологияларды экономикалық пәндерде пайдалану: проект әдісі».