Размер шрифта:
«Бірге оқимыз!» жобасы
22-04-2021 08:23
«Бірге оқимыз!» жобасы

2021 жылдың 22 сәуірінде «Бірге оқимыз!» инновациялық жобасы аясында  оnline режимінде Қарағанды облысының мұғалімдеріне арналған кезекті workshopтар өткізілді.

Бастауыш сыныптар бойынша воркшоптарды өткізгендер:

1. Вильгельм Инна Ивановна, Теміртау қаласы, №1 гимназия мұғалімі, тақырыбы: «Формирование функциональной математической грамотности через Online test pad»; 

2. Шипихина Александра Валерьевна, Осакаровка ауданы Молодежный п. №26 ЖББОМ базасындағы тірек мектебі (РО), тақырыбы: «Эффективные методы и приёмы обучения чтению в начальной школе».

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша:

1. Тлеубекова Мөлдір Манатбековна, Балқаш қаласы, «С.Сейфуллин ат.№7 мектеп-гимназия» мұғалімі, тақырыбы: «Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамытуға бағытталған тапсырмалар»;

2. Оспанова Бахытгуль Жумановна, Жезқазған қаласы, №3 ЖББМ мұғалімі, тақырыбы:  «Оқу жоспарының жылжымалы бөлігі бойынша «Абайды оқы, таңырқа!» қолданбалы курсын қашықтықтан оқытуда оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; 

3. Рахиметолла Баян Рахиметоллақызы, Ұлытау ауданы, «№17 ЖББМ» КММ мұғалімі, тақырыбы: «І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасының көркемдік қуаты»

Воркшопқа барлығы  200  мұғалім қатысты.