2021 жылдың 22 сәуірінде ZOOM платформасында орыс тілі мен әдебиеті пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Отырыстың басты мақсаты колледждердің оқу-тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибені енгізу болып табылады. Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушылары Кулейменова Ляйля Махаевна мен Бернардова Татьяна Олеговна әдебиет сабақтарын дайындап, сәтті өткізді, ашық сабақтар бейнежазбасын ОӘБ барлық оқытушылары көре алды. Облыстық әдістемелік бірлестік отырысында ұсынылған сабақтар және олардың әдістемелік және шығармашылық тұрғыдан рәсімделулері туралы пікір алмасу болды. Қатысқандардың барлығы әріптестерінің қызықты шығармашылық шешімдеріне риза болып, осындай пікір алмасу іс-шаралары оқытушылардың шығармашылық іс-әрекетке деген ынталарын арттырып, педагогтардың кәсіби тұрғыда дамуларына жағдайлар жасайды деген бірыңғай пікірде болды.
https://youtu.be/Bj8_t8nVSjI
«А.С. Пушкин, Абай, Гете – поэты вселенской культуры» тақырыбындағы сабақтың үзіндісін көрсету
Л.М. Кулейменова, «Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжінің» орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
https://youtu.be/GzBMDD-79oE
«История малой родины в творчестве Сергея Есенина» тақырыбындағы сабақтың үзіндісін көрсету
Т.О. Бернардова, «Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжінің» орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы