ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасында информатика оқытушыларының ОӘБ шеңберінде мультимедиялық байқауы «Digital IQ: сандақ әлемдегі жетістікке жеткізер жол» тақырыбында 23 сәуір күні ZOOM бағдарламасында өтті.
Сайыстың мақсаты: студенттердің шығармашылық әлеуетін барынша толық ашу және іске асыру, жағдай жасау, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсету қажеттілігі үшін жағдай жасау, қабілетті студенттердің информатика саласындағы белсенді әлеуметтік ұстанымын тәрбиелеу, пәнге тұрақты қызығушылықты бекіту.
Байқау үш номинацияда өтті:
1) «Бейнетүсірілім және монтаждау»
2) «Мультипликациялық әлем»
3) «Анимациясы бар мультимедиялық презентация»
Сайысқа қатысуға 36 өтініш түсті, құзыреттілігі жоғары әділқазылар алқасы қадағалады.
Сайыс қорытындысын әділқазылар 2021 жылдың 27 сәуірінді шығаратын болды.





umc-ro@umckrg.gov.kz



