Размер шрифта:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сайыс
23-04-2021 14:21
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сайыс

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, Қарағанды  облысы колледждерінің студенттері арасында информатика оқытушыларының ОӘБ шеңберінде мультимедиялық байқауы «Digital IQ: сандақ әлемдегі жетістікке жеткізер жол» тақырыбында 23 сәуір күні ZOOM бағдарламасында өтті. 

Сайыстың мақсаты: студенттердің шығармашылық әлеуетін барынша толық ашу және іске асыру, жағдай жасау, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсету қажеттілігі үшін жағдай жасау, қабілетті студенттердің информатика саласындағы белсенді әлеуметтік ұстанымын тәрбиелеу, пәнге тұрақты қызығушылықты бекіту.

Байқау үш номинацияда өтті:

1) «Бейнетүсірілім және монтаждау»

2) «Мультипликациялық әлем»

3) «Анимациясы бар мультимедиялық презентация»

Сайысқа қатысуға 36 өтініш түсті, құзыреттілігі жоғары әділқазылар алқасы қадағалады. 

Сайыс қорытындысын әділқазылар 2021 жылдың 27 сәуірінді шығаратын болды.