Размер шрифта:
GEOINFO НАВИГАТОР
23-04-2021 17:39
GEOINFO НАВИГАТОР

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 23 сәуірінде  «GeoInfo навигатор» облыстық жобасы аясында «Интерактивті мүмкіндіктер проекциясы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде семинар өткізді. Семинарда Саран қаласының география пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

«№1 МЛ» КММ мұғалімі – Ю.В. Гляненко, «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезіндегі цифрлық технологиялар» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«№7 МИ» КММ мұғалімі – М.К. Байкожекова, география сабақтарында Googlе Earth платформасындағы интерактивті карталарды пайдалану арқылы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«№1 МЛ» КММ мұғалімі – И.С. Денисова, «Padlat – географиялық карталарымен жұмыс істеудің тиімді түрі ретінде»  жинағын ұсынды.

 «№ 13 ЖББМ» КММ мұғалімі – О.А. Подгорная, «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы Mozaik 3D ресурсының мүмкіндіктерін» іс жүзінде көрсетті.

Барлығы семинарға қатысушылар саны 72 адамды құрады.