«Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жұмысының шеңберіндегі «Қазіргі сабақ: идеялар, формалар мен әдістер» әдістемелік семинары
23-04-2021 16:41
«Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жұмысының шеңберіндегі «Қазіргі сабақ: идеялар, формалар мен әдістер» әдістемелік  семинары

2021 жылдың 23 сәуірінде Zoom платформасында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұйымдастыруымен «Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жұмысының шеңберіндегі «Қазіргі сабақ: идеялар, формалар мен әдістер» әдістемелік  семинары өтті.

Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 20 оқытушысы қатысты.

Семинар барысында облыс колледждерінің келесі педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Конакбаева А.Д., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ оқытушысы, «Студенттердің жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбында;

2. Омарова А.К., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ оқытушысы, «Кейстерді қолдану арқылы студенттердің құзыреттілігін арттыру» тақырыбында;

3. Орынбасарова М.О., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК оқытушысы, «Веб-квест технологиясы проблемалық оқытудың жаңа түрі ретінде» тақырыбында;

4. Альмухаметова А.Г., Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі директорының оқу ісі жөніндері орынбасары, «Жұмыс тәжірибесінен: «Медиация жанжалдарды шешудің балама тәсілі ретінде» тақырыбындағы сабақ» тақырыбында;

5. Омирбаева А.О., Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі оқытушысы, «Жұмыс тәжірибесінен: «Оқиға орнын тексеру тактикасы» тақырыбындағы сабақ» тақырыбында.

Сонымен қатар, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің меңгерушісі Кнашина А.А. семинар қатысушыларын құқықтық сауаттылық апталығы жоспарымен таныстырып, кейбір ұйымдастыру сұрақтарын талқылады.

Семинар соңында ОӘБ төрайымы Конакбаева А.Д. семинар қатысушыларымен рефлексия жүргізіп, семинар жұмысын қорытындылады.