2021 жылдың 23 сәуірінде Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы ертегінің рөлі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларының, Шет ауданының педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Балабақшада халық педагогикасы технологияларын қолдана отырып», «Әжемнің ертегісі» жобасы негізінде балаларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу», Балқаш қ, «Жұлдыз» МБД әдіскері Елубаева Дина Каримовна, «Әжемнің ертегісі» облыстық жобасы аясында тәрбиеші Есмағанбетова Науат Кенжетайқызы «Ертегі-ойын кеңістігін құру», Адамкулова Жұлдыз Қаламсиқызы Жезқазған қ. «Тамаша» б/б КМҚК «Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуындағы «Әжемнің ертегісі» жобасының маңызы (сөйлеу, зияткерлік, адамгершілік, көркем, шығармашылық дамуы). Шет ауданы «Нұрдәулет» б/б ҚМКК әдіскері Абдыкасова Зарина Орынбайқызы «Әжем айтқан сайхат», «Балдырған» б/б КМҚК әдіскері, Қосыбаева Құралай Амангелдіқызы, Шет ауданы «Балдырған» б/б КМҚК тәрбиешісі, «Әженің ертегісі» жобасын жүзеге асырудағы озық технологияларды қолдану», Скандирова Гульнар Еркеновна, «Мөлдір» б/б КМҚК директоры, Түсіпова Салтанат Сағандыққызы, Қарағанды қ. «Мөлдір» б/б КМҚК әдіскері.
Аталған іс-шараға Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, директорлары, әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялар жөніндегі әдіскерлері қатысты.
Семинар ZOOM – платформасы арқылы өтті, қатысушылар саны 100 адам.