Размер шрифта:
«Сахара сұңқары-Сәкен» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция
23-04-2021 16:46
«Сахара сұңқары-Сәкен»  аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды қаласындағы  «Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ  2021 жылдың  23 сәуірінде аймақтық «Сахара сұңқары-Сәкен» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып, өткізді. 

Мақсаты: Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік беретін идеялар мен шығармашылық бастамалармен алмасу, тиімді зерттеушілік тәжірибені анықтау және жалпылау.

Конференция  барысында  3 бағыт бойынша  10-11 сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, бастауыш сынып мұғалімдері қазақ әдебиетінің жетілуі мен идеялық қалыптасуына мол еңбек сіңірген Сәкен Сейфуллин ісінің негізгі аспектілерін анықтап, өмірі мен еңбегін зерттеу,  тәуелсіздікке жетудегі орны мен рөлін көрсету, жастарды патриотизм және азаматтық сезімге тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, тың тақырыптар бойынша ой қозғады.

Конференцияның құрметті қонақтары Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-інің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, профессор,филология ғылымдарының докторы Ж.Қ.Смағұлов, Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Гумилев атындағы  ЕУ оқытушысы, ақын А.Д.Әлтаев, Қарағанды қаласындағы «Тұлғатану» зерттеу орталығының директоры Н.А.Бейсенбекова, Қарағанды облысындағы С.Сейфуллин атындағы мектептердің Альянсы мүшелері Г.К.Суюнжанова, Г.М.Манатаева қатысты.

Конференция барысында С.Сейфулиннің інісі Мәжиттің немересі Сәкен Орынбекұлы Сейфуллин  барлық қатысушыларға  құттықтау сөз арнады.

Шараға 150-ға жуық  адам қатысты.