Размер шрифта:
Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасындағы «Кім миллионер болғысы келеді?» зияткерлік ойыны
28-04-2021 10:11
Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасындағы «Кім миллионер болғысы келеді?» зияткерлік ойыны

2021 жылдың 28 сәуірінде математика және физика оқытушыларының ОӘБ жұмысы аясында Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасында «Кім миллионер болғысы келеді?» зияткерлік ойыны  ойыны өтті.

Математикалық ойынға 40 облыс колледждерінің 80 студенті қатысты.

Ойын екі кезеңнен тұрды:

I кезең - іріктеу кезеңі Kahoot платформасында (онлайн тестілеу);

II тур ZOOM платформасында «Өз ойыны» қағидаты бойынша өткізілді.

I және II кезеңдердің қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

1 орын - «Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ; 

2 орын - «Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарақаралы ауылшаруашылық колледжі» КМҚК;

3 орын - «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ.  

Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.