Размер шрифта:
«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық байқауы
27-04-2021 18:38
«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық байқауы

2021 жылдың 27 сәуірінде онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық байқауының күндізгі кезеңі өткізілді. 

Байқаудың негізгі мақсаты: оқыту барысындағы жаңашыл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын дәріптеу, білім беру ұйымдары мұғалімдерінің және оқушыларының құзыреттілігін, АКТ-ның дағдыларын игеру және дамыту, сонымен қатар оқушылардың туған жерімен тереңірек танысу.

Байқау 3 кезеңнен тұрды: сырттай, қашықтықтан және күндізгі.

Облыс бойынша байқауға қатысуға 92 топ ниет білдірді. Сырттай кезеңге 39 топ қатысып, олардың ішінен әділ-қазылар алқасының мүшелерімен күндізгі кезеңге қатысу үшін 19 жұмыс таңдалды.

Сыттай кезеңнің қатысушылары kartakrg.kz сайтында өз өлкелерінің көрікті жерлері, киелі орындары, флорасы мен фаунасы туралы ақпаратты орналастырды.

2021 жылдың 29 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында жұмыстарды қосымша қарау мақсатында эксперттік топ мүшелерінің отырысы өтті.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз.

 

«Үздік техникалық жұмыс» номинациясы бойынша:

І орын – Сәтбаев қаласының С.Сейфуллин атындағы гимназиясының «Жерұйық» тобы; 

II орын – Балқаш қаласының С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының  «JaSTAR» тобы; Н.Нұрмақов атындағы ММИ «Nurmakov» тобы. 

III орын – Қарағанды қаласының М.Жұмабаев атындағы гимназиясының «Freedom» тобы; Қарағанды қаласының №25 ЖББМ «CURIOUS» тобы; «Озат» ақпараттық технологиялар» МИК «Steel city» тобы.

 

«Үздік зерттеу жұмыс» номинациясы бойынша:

І орын – Саран қаласының №17 мектеп-гимназиясының  «Сары-Арка» тобы; 

ІІ орын – Қарағанды қаласының №42 НМ «Самрук» тобы;

ІІІ орын – Теміртау қаласының №14 мектеп-лицейінің «Наследие» тобы.

Қарағанды қаласының Қ.Сәтпаев атындағы гимназияның «Краевед» тобы «Ерекше ұсыну» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Алғыс хаттаремен марапатталады:

- Ұлытау ауданының №1 тірек мектебі (РО) «Ұлы Орда» тобы;

- Қарағанды қаласының М.Жұмабаев атындағы гимназиясының «The best team» тобы;

- Бұқаржырау ауданының Токаревка ЖББМ «Contemporaries» тобы; 

- Қарағанды қаласының №3 гимназиясының «QarPAT (Qaragandy's Peace Avenue Team)» тобы;

- Шет ауданының Дарья ЖББМ «Jas Darya» тобы;

- Балқаш қаласының Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің «Project2» тобы;

- Балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің «Болашақ» тобы;

- Балқаш қаласының №5 ЖББМ «Зерде» тобы;

- Қарағанды қаласының №53 мектеп-лицейінің «Беғазы Дандібай» тобы.