2015 жылдың 28 қазаны күні «Қарағанды облыстық тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ базасында «Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарындағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы интерактивтік және компьютерлік технологиялар» тақырыбында практикалық семинар өткізілді.
Семинарға мектеп директорларының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар аясында мектеп-сайттарын құру және онымен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабақтар, «Сайт форумдары ақылы жүргізілетін психологиялық қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері» практикумы, R. BOT 100 ұялы андроидын қолдану арқылы (6 «А» сынып) география пәнінен ашық сабақ, «Доли» интерактивті тренажёрын қолданумен жүргізілген математика сабағы (5«Б»сынып), кинезотерапиядағы функционалдық қалпына келтіру үшін қолданылатын басқарушы-бағдарламалық тренажерлермен практикалық сабақтар және сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылды.