Электрондық журналды жүргізу бойынша республикалық семинар
2021 жылдың 30 сәуірінде Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен Қарағанды облысының білім басқармасы арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін электрондық журналды жүргізу бойынша республикалық семинар өткізді. Семинарда электрондық журналды жүргізу бойынша Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға республикамыздың арнайы білім беру ұйымдарының 177 педагог қатысты.