«Болашаққа жолдама» облыстық форумы аясында «Мамандықтар жәрмеңке» алаңы
04-05-2021 09:23
«Болашаққа жолдама» облыстық форумы аясында   «Мамандықтар жәрмеңке» алаңы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 4 мамырында «Болашаққа жолдама» облыстық форумы аясында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде «Мамандықтар жәрмеңкесі» алаңы өтті.

Мақсаты: жеке тұлғаның жеке ерекшеліктерін және нарықтық экономика жағдайында еңбек ресурстарын ұтымды бөлу қажеттілігін ескере отырып, жоғары сынып оқушыларының кәсіптік өзін-өзі анықтауына көмектесу.

«Мамандықтар жәрмеңкесі» алаңында жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері өздерінің білім беру мекемелері туралы шолу ақпаратымен баяндама жасады: Карагандинский университет имени академика Букетова, Карагандинский университет Казпотребсоюза, Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева, Карагандинский технико-строительный колледж, Карагандинский высший политехнический колледж, Абайский многопрофильный колледж.

«Мамандықтар жәрмеңкесі» алаңының жұмысына 350 ден астам облыс мектептерінің мен колледждерінің оқушылары, ата-аналары, мұғалімдері белсенді қатысты.