2021 жылы 5 мамырында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Зерек» облыстық педагогикалық жобасы аясында Балқаш және Сарань қалаларындағы мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін қорытындылауға арналған семинар өткізді. Балқаш қаласының № 17 мектеп-лицейдің жоба менеджері Айнекова С.А. қатысушыларды мұғалімдер командасының мақсаттары мен міндеттерінің барысымен таныстырды, SWOT талдауы жүргізілді.
Бастауыш сынып мұғалімі Хохрякова Е.В. оқу сауаттылығын арттыру, каллиграфиялық дағдыларды қалыптастыру бойынша әдіс-тәсілдер ұсынса, мұғалімдер С. Г. Әжібаева. және Қуанышбаева Г.С. ағылшын және қазақ тілі сабақтарының ойын формаларын қолдану тиімділігін арттыру бойынша жұмыс түрлері ұсынды. Ким Е.О. денсаулықты сақтау механизмдерін ата-аналардың көмегімен ұштастыруды атап өтті. Осемляк С.А. ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудегі өзіндік іс-әрекеттерімен бөлісті.
Жобаны іске асырудың үш жылдық тәжірибесін ортаға салған Акопова Т.М. өзінің «Сыбырласпақ» атты тапсырмалар авторлық жинағын таныстырды. Мектеп тренері Папкова Е. Н. падлет тақтасында рефлексия ұйымдастырып, қатысушылардың ұсыныс тілектерін ортаға салды.
Семинарға облыс көлемінде 100 ге тарта педагог қатысып тәжірибе алмасты