Облыстық Мейкатонның күндізгі кезеңі
04-05-2021 17:23
Облыстық Мейкатонның күндізгі кезеңі

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиямен бірлесіп, оқушылардың инженерлік дағдыларын қалыптастыру, STEM-білім беруді насихаттау, озық тәжірибемен алмасу мақсатында 2021 жылдың 4-6 мамыр аралығында облыстық Мейкатонның күндізгі кезеңін өткізуде.

Мейкатонға 4 жастан 18 жасқа дейінгі мектепке дейінгі білім беру, мектептер мен колледждердің оқушылары қатысады.

Барлығы 204 өтінім қабылданды, оның ішінде 116 өтінім жұмыспен түсті. Сондай-ақ, 13 сәуірден бастап техникалық қолдау көрсетілді, оған мейкатон қатысушыларынан 68 қоңырау түсті.

4-5 жас (мектепке дейінгі балалар) бағыты бойынша – құрастыру, сондай – ақ 6-9 жас (кіші жас тобы) - құрастыру және робототехника бойынша жұмыстарды қазылар алқасы мен қашықтан қаралатын болады.

Электроника және робототехника бағыттары бойынша қатысушылар жобаны тақырыпқа сәйкес дайындап, оны ZOOM платформасында қорғайды. Жоба «Болашақ қаласы» тақырыбына сай болуы тиіс.

Мейкатонның барлық қатысушыларына табыстар мен жеңістер тілейміз!!!