2021 жылдың 13 мамырында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша секциялық отырысы болып өтті.
Секциялық отырыстың тақырыбы: «Қазақ тілі пәнін оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту негіздері»
Конференцияның мақсаты – заманауи мектептерде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту кезінде педагогтерге ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету.
Конференцияда баяндама оқып, іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер:
1. Игенова Айгүл Ақмашқызы, Қарағанды қаласы №1 «Білім-инновация» лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Функционалдық сауаттылықтың негізі – Мағжан «педагогикасында».
2. Мухсинова Айгүл Мухсиновна, Қарағанды қаласы «№23 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Білім беру үрдісінде қашықтықтан оқыту форматын пайдалану».
3. Акимжанова Гаухар Сауалхановна, Сәтбаев қаласы «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру».
4. Жумабекова Айтбала Советбаевна, Қарағанды қаласы «№46 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Заманауи сабақ: функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды қолдану».
5. Кубекова Куралай Тулепбергеновна, Ахнаева Бакыт Женисовна, Қарағанды қаласы «№ 93 гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері. Тақырыбы: «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер».
6. Азимбаев Жарас Магмурович Саран қаласы «№ 6 ЖББМ» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Етістіктерді топтастырып меңгерту»
7. Какенова Жанар Жамбуловна, Мукажанова Самал Мажитовна, Бұқар жырау ауданы Доскей ауылы А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту кезіндегі казақ тілі мен әдебиеті пәнін тірек белгі, сызба, кесте толтыру арқылы оқыту».
Секциялық отырысқа облыстың 315 педагогтері қатысты.