Размер шрифта:
«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша секциялық отырысы
13-05-2021 13:47
«Функционалдық  сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндері  бойынша секциялық отырысы

2021 жылдың 13 мамырында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Функционалдық  сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша секциялық отырысы болып өтті. 

Секциялық отырыстың тақырыбы: «Қазақ  тілі пәнін оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту негіздері»

Конференцияның мақсаты – заманауи мектептерде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту кезінде педагогтерге ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету.

Конференцияда баяндама оқып, іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер:

1. Игенова Айгүл  Ақмашқызы,  Қарағанды қаласы №1 «Білім-инновация» лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі. Тақырыбы: «Функционалдық сауаттылықтың негізі – Мағжан «педагогикасында».

2. Мухсинова Айгүл Мухсиновна, Қарағанды қаласы  «№23 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Білім беру үрдісінде қашықтықтан оқыту форматын пайдалану».

3. Акимжанова Гаухар Сауалхановна, Сәтбаев қаласы  «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру». 

4. Жумабекова Айтбала Советбаевна,  Қарағанды қаласы  «№46 ЖББМ» КММ    қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Заманауи сабақ: функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды қолдану».

5. Кубекова Куралай Тулепбергеновна, Ахнаева Бакыт Женисовна, Қарағанды қаласы «№ 93 гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері. Тақырыбы: «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер».

6. Азимбаев Жарас  Магмурович  Саран қаласы «№ 6 ЖББМ» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Етістіктерді топтастырып меңгерту»

7. Какенова Жанар Жамбуловна,  Мукажанова Самал Мажитовна, Бұқар жырау ауданы  Доскей ауылы А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту кезіндегі казақ тілі мен әдебиеті пәнін тірек белгі, сызба, кесте толтыру арқылы оқыту».

Секциялық отырысқа облыстың 315 педагогтері қатысты.