«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы
13-05-2021 16:11
«Функционалдық  сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы

2021 жылдың 13 мамырында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Функционалдық  сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секциялық отырысы болып өтті. 

Секциялық отырыстың тақырыбы: «Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты дамыту негіздері».

Конференцияның мақсаты – заманауи мектептерде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту кезінде педагогтерге ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету.

Конференцияда баяндама оқып, іс-тәжірибелерімен бөліскен бастауыш сынып мұғалімдер:

1. Бондаренко Жанна Борисовна, Голева Оксана Ивановна Қарағанды қаласы «№ 23 ЖББМ» КММ. Тақырыбы: «Совершенствование техники чтения – важнейшее условие формирования читательской грамотности»;

2. Исина Жанагул Картабаевна, «Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы  № 44 жалпы білім беретін тірек мектебі (РО) жанындағы интернат». Тақырыбы: «Мәтінмен жұмыс жасау түрлері»;

3. Бименова Шолпан Абеновна, Жезқазған қаласы «№8 гимназиясы» КММ. Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты қалыптастыруда ойын элементтерін пайдалану»;

4. Жумажанова Нуржамал Амангельдиновна, Теміртау қаласының білім бөлімі, әдіскері. Тақырыбы:  «Дидактикалық ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту». 

Секциялық отырысқа облыстың 276 педагогтері қатысты.