2021 жылдың 13 мамырында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секциялық отырысы болып өтті.
Секциялық отырыстың тақырыбы: «Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты дамыту негіздері».
Конференцияның мақсаты – заманауи мектептерде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту кезінде педагогтерге ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету.
Конференцияда баяндама оқып, іс-тәжірибелерімен бөліскен бастауыш сынып мұғалімдер:
1. Бондаренко Жанна Борисовна, Голева Оксана Ивановна Қарағанды қаласы «№ 23 ЖББМ» КММ. Тақырыбы: «Совершенствование техники чтения – важнейшее условие формирования читательской грамотности»;
2. Исина Жанагул Картабаевна, «Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы № 44 жалпы білім беретін тірек мектебі (РО) жанындағы интернат». Тақырыбы: «Мәтінмен жұмыс жасау түрлері»;
3. Бименова Шолпан Абеновна, Жезқазған қаласы «№8 гимназиясы» КММ. Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты қалыптастыруда ойын элементтерін пайдалану»;
4. Жумажанова Нуржамал Амангельдиновна, Теміртау қаласының білім бөлімі, әдіскері. Тақырыбы: «Дидактикалық ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту».
Секциялық отырысқа облыстың 276 педагогтері қатысты.