2021 жылдың 13 мамырында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша секциялық отырысы болып өтті.
Секциялық отырыстың тақырыбы: «Орыс тілі пәнін оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту негіздері»
Конференцияда іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер:
- Толеубаева Айтгуль Каиргалиевна, Шет ауданы «Жамбыл Ақылбаев атындағы эксперименталды мектеп-гимназия базасындағы негізгі мектеп (ресурстық орталық)» КММ;
- Адамбаева Бибигуль Омирсериковна, Талды ауылының № 19 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталығы) КММ;
- Есенгабулова Гулнар Омарбековна, Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы «№10 жалпы білім беретін мектебі»КММ;
- Итикеева Мерует Абулкановна, Сәтбаев қаласы «№25 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- Хон Любовь Сергеевна, Қарағанды қаласы «№38 гимназия» КММ.
Секциялық отырысқа облыстың 170 педагогтері қатысты.