2015 жылдың қазан айының 29 жұлдызында «Балақай» балабақшасы базасында «Білім беру үрдісінің менеджменті және балабақшадағы әдістемелік қызмет» тақырыбында облыстық семинар өтті
2015 жылдың қазан айының 29 жұлдызында «Балақай» балабақшасы базасында «Білім беру үрдісінің менеджменті және балабақшадағы әдістемелік қызмет» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, балабақшаның директорлары,әдіскерлері Шахтинск, Саран, Приозерск қалалары, Бұқар жырау, Осакаровка, Қарқаралы, Нұра аудандарының, барлығы 30 педагог қатысты.
Балабақшаның оқу үрдісін басқару менеджменті, инновациялық бағыттағы әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары көрсетілді.
Семинар барысында ғылыми-тәжірибелік «ГНОМ» қауымдастығының бөбектері өздерінің білім, білік, дағдыларын жобалау қызметі арқылы ұсынды.