Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 11 мамырында қалалық/аудандық және мамандандырылған мектеп-интернаттарының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері үшін оnline режимінде «Әдістемелік вернисаж» ұйымдастырып, өткізді.
Мақсаты: Әдістемелік жұмысты жетілдіру және Қарағанды облысы білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін арттыру.
Қарағанды қаласындағы «М.Жұмaбaев aтындaғы №39 гимнaзия» КММ мұғалімі Сураган Орден «Ұлттық әліпби» үйірме бағдарламасымен, «№36 ЖББОМ» КММ мұғалімі Заркеева Думан Нуркешевна «Мәдени мұра» қолданбалы курсының бағдарламасымен және №3 гимназияның мұғалімі Копеева Думан Амандыковна «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында фонетика саласының жүргізілу ерекшелігі» атты мұғалімдерге арналған көмекші құралымен таныстырып, әдістемелік жұмыстарын қорғады.
Вернисажға арнайы шақырылған «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы», Өрлеу «АҚ Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институтының аға оқытушысы Смагулова Ғазиза Ғабдоллақызы вариативті курс бағдарламасын құрастыру әдістемесі туралы тың мәліметтер берді.
Әдістемелік вернисажға 250-ге жуық педагогтер қатысты.