2021 жылдың 13 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның математика және физика пәндері бойынша секциялық отырысы өткізілді.
Секциялық отырыстың тақырыбы: «Практикаға бағытталған тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту».
Облыс бойынша барлығы 305 педагог қатысты.
Секциялық отырыс аясында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Скрипченко Виктория Александровна, «Теміртау қаласы ІТ «Озат» ММИ» КММ химия пәнінің мұғалімі;
Қыйлыбай Әсел Балғашқызы, Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп- интернатының физика пәнінің мұғалімі;
Хорошилова Татьяна Александровна, Ширяева Наталья Владимировна, Қарағанды қаласы, «Н.Әбдіров атындағы ЖББМ» КММ математика және информатика пәнінің мұғалімдері;
Алибекова Айымкул Даулеталиевна, Қарағанды қаласы, «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Алиева Раушан Кинаятовна, Абай ауданы, «Дубовская ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі.