Ғылыми - тәжірибелік конференция хаттамасының Тірек колледждерде салалық белгілер бойынша ресурстық орталықтар құру атты 3 тармағын орындау мақсатында 2015 жылдың 30 қазанында Теміртау политехникалық колледжінде «Ресурстық орталық құру және оның болашағы мен даму жолдары тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардан бұрын колледжде салтанатты түрде «Механикалық шеберхана» ашылды. Шеберхананың салтанатты ашылу рәсімін Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары
Асакаева Дана Саламатовна мен Теміртау политехникалық колледжінің директоры Абишев Айдар Акылсерикович жүргізді.
Семинарда колледжде ресурстық орталықтар құру және ұйымдастыру жұмыстары төңірегінде сұрақтар талданды.
Теміртау политехникалық колледжінің директоры Абишев Айдар Акылсерикович қатысушыларға колледждің жоба қызметі аясындағы тәжірибесі жайлы жұмысты ұсынды.
Теміртау политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шагирова Гульдана Кашебдиновна ресурстық орталық қызметін реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар жайлы баяндады.
Тәжірибе алмасу мақсатында баяндамалар тыңдалды:
· «Кәсіби стандарттар талабына сай білім беру мазмұнын жаңарту» - Ахметгалина Наталья Валентиновна, «Машина және өнеркәсіп құрылғысын пайдалану» ӘКЖ төрайымы
· «Қала кәсіпорындары жұмыскерлерінің біліктілігін көтеру бойынша әлеуметтік серіктестермен жұмыс» - Крикуненко Ирина Николаевна, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары
· «Ресурстық оқу орталығы - өндіріс саласы жұмыскерлері мен педагогика кадрларының біліктілігін көтеруді қамтамасыз ететін құрал ретінде» - Пастерикова Анастасия Викторовна, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
Семинарға Қарағанды облысының 11 колледжінен өкілдер қатысты.