«Өзін-өзі тану» пәні бойынша колледж педагогтерінің онлайн-отырысы
2021 жылдың 14 мамырында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарының қорытынды отырысы өтті.
Тыңдаушыларға тақырып бойынша сөз сөйлеулер ұсынылды:
- «Өзін-өзі тану» пәні призмасы арқылы жастардың тұлғасын қалыптастыру және дамытудағы рухани-адамгершілік құндылықтары», Долматова М.И., Абай көпсалалы колледжінің оқытушысы;
– «Жастарды тәрбиелеу – болашаққа инвестиция», Жунусова Б.А., Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінің педагог-психологы.
«Өзін-өзі тану» пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Торебаева Г.Р. екі жартыжылдық жұмыс қорытындысын шығарып, 2021-2022 оқу жылына арналған ұсыныстарды ұсынды.