2021 жылдың 11-14 мамыр аралығында ZOOM платформасында онлайн режимде ТжКББ ұйымдары директорларының кадрлық резервіне арналған оқыту курстары өтті.
Курсқа колледж директорларының 66 орынбасары қатысты.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес тыңдаушыларға келесі тақырыптар ұсынылды:
- ҚР Конституциясы. Білім туралы заң;
- Педагог мәртебесі туралы заң;
- Колледж директорының басқарушылық қызметі. Колледж қызметі тиімділігінің мониторингі;
- Персоналды басқару кезінде жауапкершілікті табыстау;
- Тиімді басқару дағдылары: қызметкерлерден максималды нәтижеге қалай қол жеткізуге болады;
- СМЖ енгізу;
- Әлеуметтік серіктестік кәсіптік білім беруде дуальды оқыту формасының құрамдас бөлігі ретінде.
Аталған курстардың дәріскерлері колледж директорлары болды:
1. «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК директоры Пшенбаев Серик Рамазанович;
2. «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі» КММ директоры Жарылгапова Гульнар Газымовна;
3. «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ директоры Акбергенова Салтанат Ермековна;
4. «Қаражал тау-кен технологиялық колледжі» КММ директоры Дыбысов Данияр Мейржанович;
5. «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК директоры Исахова Айгуль Сапархановна;
6. «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» КММ директоры Коянбаев Канат Кабдиевич;
7. «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ директоры Сапарова Асель Сагинбаевна;
8. «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ директоры Ибраев Манарбек Каратаевич;
9. «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ Шатинов Серикбол Турсынович.
Тыңдаушылармен кері байланыс жүргізілді.