Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай ZOOM платформасында облыстық «Бір отбасы – бір кітап» Акциясы аясында «Абай және Оқырман отбасы» фестивалін ұйымдастырып, өткізді.
Оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандыру, балалардың бойында рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылықты дамыту мақсатында «Бір отбасы – бір кітап» облыстық Акциясы бастау алған болатын. Акцияның бірінші жартыжылдығында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» тақырыбымен облыстық байқау өткізілген еді. Байқауда бас жүлдені жеңіп алған отбасылар фестивальда тағы бір мәрте өз өнерлерін көрсетіп, отбасылық кітап оқу дәстүрінің тамаша үлгілерін көрсетті.
Атап айтсақ:
Саран қаласы №1 мектеп-лицейден Лапиндер отбасы;
Қарағанды қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиядан Болатовтар отбасы;
"Музыка" мамандандырылған мектеп-интернатынан Молдағұловтар отбасы;
Саран қаласы №4 жалпы білім беретін мектептен Нарбай отбасы;
Бұқар жырау ауданы Кузнецкий жалпы білім беретін орта мектебінен Сәлімгерей отбасы.
Сонымен қатар, фестивальға құрметті қонақ ретінде шақырылғандар:
1. Әшімов Ерлан Мұқатайұлы - «Нәтиже» сүт фабрикасының директоры, меценат.
2. Рүстемова Жанар Айдарбекқызы - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетінің оқытушысы, ф.ғ.к. доцент.
3. Қонтаев Сабит Сеитұлы - профессор, Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының кеңесшісі, ҚР ұлттық білім Академиясының корреспондент мүшесі.
4. Жүсіпова Сәуле Жаманбайқызы - Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы.
5. Смагулова Ғазиза Ғабдоллақызы - Өрлеу «АҚ Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институтының аға оқытушысы.
6. Жаканова Жұпар Рыскуловна – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі.
7. Асқаров Қайрат Белгібайұлы - Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығының маманы, ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
Қонақтар балаларды жас кезінен кітап оқуға қызықтырып, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру, отбасылық кітап оқу – ұрпақтардың рухани байланысы жайлы ой-пікірлерімен бөлісті.
Шараны облыстың барлық өңірінен ZOOM платформасында 500-ден артық, ютуб каналында 200-ге жуық адам көріп, тамашалады.