2021 жылғы 19 мамырда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы және «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖММ «Байланыс, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша ОӘБ аясында «Қазақстанның Z-ұрпағы, қазіргі заманғы қоғамдағы әлеуметтену және өзін-өзі сәтті іске асыру» ТжКБ білім беру ұйымдарының студенттері мен педагогтеріне арналған УouТube -арнадағы трансляциямен Live Streaming өткізді.
В рамках Live Streaming аясында облыс ұйымдарының келесі педагогтері іс-тәжірибемен бөлісті:
1. Қабдула Жадыра Жүзбайқызы, «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖМ арнайы пәндер оқытушысы, «Цифрлық технология мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану арқылы қоғамның белсенді мүшесіне қалай айналамыз?» тақырыбында;
2. Абдигалиев Данияр Хамзеханович, «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖМ арнайы пәндер оқытушысы, «ІТ индустрия: қазіргі заманғы қоғамда сұранысқа қалай ие болуға болады?» тақырыбында;
3. Ахмедина Мейрамгуль Бериковна, Қарағанды облысы Білім басқармасының «Жезқазған қалалық психолого-медико-педагогикалық консультация» КММ әдіскері, «Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жастардың әлеуметтенуі және өзін-өзі сәтті іске асыруы» тақырыбында.
4. Жұматай Нұрай, «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖМ қазақ тілі оқытушысы, «Цифрлық трансформация дәуірінде қазақ тілін дамытуға жастардың рөлі» тақырыбында.
Live Streaming ерекшелігі болып «Біздің Z ұрпақтың даму келешектері» тақырыбындағы интерактивті сұхбаты табылды. Мұнда іс-шараның келесі қонақтары – блогерлер, колледж түлектері студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап берді (Примова Турдыгул Хамитовна, бастауыш сынып мұғалімі, «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 2. Қойлыбаев Нұрбек – таргетолог, футболист, AnB Media Industry компаниясының директоры; 3. Оразбекова Жансая, блогер, таргетолог, сторисмейкер, видеомейкер, «ЖанСарай» event-агенттігінің иесі).
Облыс колледждерінен 246 педагог пен студент қамтылды.