«Химия және биология әлеміне саяхат» онлайн викторинасы
21-05-2021 14:07
«Химия және биология әлеміне саяхат» онлайн викторинасы

2021 жылдың 21 мамырында ZOOM платформасында химия және биология оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасында «Химия және биология әлеміне саяхат» онлайн викторинасы өтті.

Викторинаның мақсаты: студенттердің шығармашылық әлеуетін барынша толық ашу және іске асыру үшін жағдай жасау, өзін-өзі дамыту және көрсету қажеттілігін, жаратылыстану-ғылыми пәндер саласында қабілетті студенттердің белсенді әлеуметтік ұстанымын тәрбиелеу.

Викторинаға облыс колледждерінің 39 студенті қатысты.

Викторина екі кезеңнен тұрды:

I кезең-іріктеу кезеңі (онлайн-тестілеу);

II кезең -  «Өз ойыным».

I және II кезеңдердің қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

1 орын - Зорина Арина, «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ, жетекшісі Щеглова Н.В.;

 2 орын - Соболева Татьяна, Қарағанды «Фемида» заң колледжі, жетекшісі Ешимжанов Е.Ш.;

3 орын - Солодовиченко Даниил,  «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ,  жетекшісі Батпанова М.Д.

Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.