Размер шрифта:
Дайын өнімдер жәрмеңкесі «Студенттік хоббиден бастап табысты бизнеске дейін»
21-05-2021 16:20
Дайын өнімдер жәрмеңкесі «Студенттік хоббиден бастап табысты бизнеске дейін»

Үшінші жыл қатарынан Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінің бастамасымен 2021 жылы 21 мамырында, кәсіпкерлік бастаманы дамыту және кәсіпкерлік қызметке қызығушылықты арттыру мақсатында Қарағанды облысының ТжКБ экономикалық пәндер оқытушыларының аймақтық әдістемелік бірлестігінің бірлескен жұмысы аясында ZOOM платформасы арқылы «Студенттік хоббиден бастап табысты бизнеске дейін» атты дайын өнімдердің аймақтық жәрмеңкесі өтті.

Биылғы жәрмеңкенің форматы бұрынғы жылдардан өзгеше болды. Жәрмеңке онлайн режимінде өтті, онда студенттер мен мектеп оқушыларының өнімдері презентация форматында ұсынылды.

ZOOM-конференция алаңында жәрмеңкені ұйымдастырушылар, әлеуметтік серіктестер, яғни «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасының, банк секторының және шағын несиелік ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Жәрмеңкеге қатысушылар - мектеп оқушылары мен студенттер бизнес-идеялардың көпшілігінің негізін қалаған және жәрмеңкеде ұсынылған өнімдерде орын алған құмарлықтарымен және хоббилерімен бөлісті.

Қарағанды облысының 27 колледжі мен 16 мектебінен 160-тан астам студенттер мен оқушылар handmade қағидасы бойынша өз өнімдерін (жұмыстарын) әртүрлі және өте қызықты техника мен формада ұсынды: суреттер, зергерлік бұйымдар, ойыншықтар, ашық хаттар, сувенирлер, тоқылған өнімдер, аспаздық өнімдер және т.б.

Сіз студенттер мен оқушыларға бастапқы START-UP-та кәсіпкерлікте сәттілік тілеу, пікір қалдыру немесе лайк қою арқылы қолдау көрсете аласыз.

Жәрмеңке өнімдерін https://sites.google.com/view/karbc-3obl-yarmarka веб-сайтынан көруге, тіпті сатып алуға болады.