Размер шрифта:
БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЛКЕТАНУ КОМПОНЕНТІ, МӘДЕНИ-ГЕНЕТИКАЛЫҚ КОД НЕГІЗІ
21-05-2021 12:20
БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЛКЕТАНУ КОМПОНЕНТІ, МӘДЕНИ-ГЕНЕТИКАЛЫҚ КОД НЕГІЗІ

2021 жылғы 21 мамырда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасында облыстық "Туған өлке сырлары" жобасы аясында өлкетану мұғалімдерінің форумын онлайн режимінде өткізді.

"Білім берудің өлкетану компоненті, мәдени-генетикалық код негізі" атты екінші пікірталас алаңын Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ж.К. Дюсембина ашты. Жезқазған қаласының мұғалімдері өлкетануды (тарихи, географиялық, биологиялық, экологиялық)білім жиынтығы ретінде өз тәжірибелерімен  бөлісті. Ұлытау тауларының ұлылығы шоқыларының биіктігінде де, табиғаттың әсемдігінде де емес, осы таулар сақтайтын  тарихи естеліктерде. Аласа төбелер Қазақстан тарихының өмірін  өзгерткен ауқымды оқиғалардың үнсіз куәгері болды. Өз өлкесіне деген сүйіспеншілікті оята отырып, мұғалімдер оқушыларға рухани-адамгершілік, патриоттық, тәрбие береді. Бұл қасиетті жердің тарихи маңыздылығын бағаламау мүмкін емес. Оқушылар оқиғалардың қалай өткенін, шыңдардың бағындырылғанын, билеушілердің ауысқанын,  батырлар ерлігін ұғынады, ал Ұлытау таулары да сондай тыныш қала беретінін біледі.