Размер шрифта:
«Қарағанды облысының үздік туристтік машруты» облыстық жобалар конкурсы
24-05-2021 09:27
«Қарағанды облысының үздік туристтік машруты»  облыстық жобалар конкурсы

2021 жылдың 24 мамырында «Қазтұтынуодағы ҚарУ экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ  Қарағанды облысы Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Қарағанды облысының үздік туристтік маршруты» облыстық жобалар конкурсын өткізді.

Конкурсқа Қарағанды облысының 3 колледжі қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

Үздік танымдық маршрут: 

1 орын –  Калиақпар Елдос Садықбекұлы, Төлеубай Шаризат Қанатқызы, «Жезқазған – Теректі. Әулие – Жезқазған» жобасымен, «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ, жетекшісі Турсинбаева Кания Саяновна;

2 орын- Сұнгатова Інқәр Сұнгатқызы, «100 жол біреуі сенікі» жобасымен «Мынжасар Адекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі» КМҚК, жетекшісі Кузембаев Жумажан Есимханович. 

Үздік спорт маршруты: 

1 орын - Өскен Ермұхан Жаңабайұлы, «Жаяу туризм. Спорттық жорық. 3-күрделілік санаты», «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК,  жетекшісі Садуакасов Жасулан Сакенович.

Жеңімпаздар дипломмен, студент жұмыстарының жетекшілері Қарағанды облысы Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.