Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасындағы физика пәні бойынша олимпиада
26-05-2021 15:30
Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасындағы физика пәні бойынша олимпиада

2021 жылдың 26 мамырында математика және физика оқытушыларының ОӘБ жұмысы аясында Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасында физика пәнінен олимпиада өтті.

Олимпиадаға облыс колледждерінің 38 студенті қатысты.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды:

I кезең - іріктеу кезеңі Kahoot платформасында (онлайн тестілеу);

II кезең ZOOM платформасында «4 фото 1 сөз» ойыны элементтерімен өткізілді.

I және II кезеңдердің қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

1 орын - Файзуллаева Акмерей, «Қарағанды сән колледжі» ЖММ, жетекшісі Дуанбекова Куляш Иманкуловна;

2 орын - Тлеуғабыл Назира Төлегенқызы, «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ, жетекшісі Табаракова Асель Табараккызы;

3 орын - Дригерт Анита, «Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ, жетекшісі Арынов Бахытжан Маратович;

3 место - Байдильдин Дамир, «Сәтпаев индустриалды колледжі» КММ, жетекшісі Масатова Кадиша Жакуовна.

II турға өткен қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.