Размер шрифта:
Экологиялық сауаттылық апталығы аясындағы «Экологияны сақтаймыз» облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция
26-05-2021 11:53
Экологиялық сауаттылық апталығы аясындағы «Экологияны сақтаймыз»  облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция

2021 жылдың 26 мамырында «Экологияны сақтаймыз» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК. Іс-шара «Планетаны сақта» экологиялық сауаттылық апталығы аясында өтті.

Колледж қатысушылары 2 секцияға бөлінді. Өтінімдер колледждің 27 студентінен қабылданды.

Конференция жұмысының нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, келесі жеңімпаздар анықтылды:

1 орын – Мусин Ж., «Академик К.А. Сагинов атындағы Колледж-Мектеп» КММ студенті, жетекшісі Ежова Н. В.;

2 орын – Бородихин К., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Савенко А. О.; Әбенов Б., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ студенті, жетекшісі Әдеқан К.Ж.;

3 орын-Тин Н. Э., «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Каденова А. М.; Дьякова Е. И., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Клименкова Е. С.

Конференцияға облыс колледждерінің 85 педагогы мен студенттері қатысты.

Жұмыс нәтижелері бойынша конференция материалдарының электрондық жинағы құрастырылады.