2015 жылдың 2 қараша күнінен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында Қазақстандық Оқу Ассоциацияның сыни тұрғыдан ойлау бойынша оқыту семинарлары басталды. 2 апталық үзіліспен бес күн барысында, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту аймағында өз білімін тереңдеткісі келген мұғалімдер тәжірибелік семинарларға қатысты. Семинарды Зейнегуль Копбаева, Любовь Хон, Ғазиза Смагулова (АО «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»), Елена Вафина (ҚО ББД ОӘО) тәжірибелі тренерлері жүргізді. Мұғалімдер тек сын тұрғыдан ойлаудың тиімді тәжірибесімен, стратегиясымен, теориясымен ғана танысып қана емес, тренердің мұғалім ретінде тәжірибесі мен оқушылармен жұмыс істеудің ерекше сәтті әдістемелерін біліп, мұғалім жаңалықтарының баға жетпес тәжірибесін алу мүмкіндігіне ие.
Семинарлар тәжірибелік бағытқа ие, олар педагогтардың өздерінің жеке тәжірибесі туралы ойлауына әсер етіп, оқыту мәселелеріне және оларды шешу жолдарына сыни тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.