Экологиялық сауаттылық апталығы аясындағы «Экологияны сақтаймыз» облыстық бейнероликтер байқауы
27-05-2021 08:18
Экологиялық сауаттылық апталығы аясындағы «Экологияны сақтаймыз» облыстық бейнероликтер байқауы

2021 жылдың 27 мамырында «Экологияны сақтаймыз» облыстық бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК. Іс-шара «Планетаны сақта» экологиялық сауаттылық апталығы аясында өтті.

Өтініштер колледждердің 30 студентінен қабылданды.

Қазылар алқасының жұмысы нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, келесі жеңімпаздар анықтылды:

1 орын-Батыршинов А., Камалов А., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ, жетекшісі Байгошкаров Г.М.;

2 орын - Есенова Ә., «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК, жетекшісі Кулмаганбетова Н.А.; Алиева Д., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, жетекшісі Мергенбаева А. М.;

3 орын - Райымбекова А., Қарағанды жоғары мейіргер колледжі, жетекшісі Садвакасова К. К.; Оспанов А., «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ, жетекшісі Садуакасова Ж. С.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!