Размер шрифта:
«ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ФОРУМ
28-05-2021 16:10
«ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ»  ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ФОРУМ

2021 жылғы 28 мамырда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Әжемнің ертегісі"  жобасы аясында Форум өткізді.

Форумның мақсаты: мемлекеттік тілді оқытуды дамыту, ауызша халық шығармашылығы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін ашу, балалардың, ата-аналардың, педагогтардың тығыз өзара іс-қимылы үшін балаларды қазақ халқының салт-дәстүрлеріне тарту.

ФОРУМ екі бағытта :  1-ші пленарлық бөлім, 2-ші "Әжемнің ертегісі" жобасы аясында әр алаңның үздік жұмыстары ұсынылды. Алаңдардың жұмысы үш бағыт бойынша : «танымдық-шығармашылық қызмет», «әлеуметтік-коммуникативтік», «тілдік қызмет», «көркем-эстетикалық қызмет» арқылы педагогтар мен ата-аналар арасында қызығушылық тудырды.  "Әжемнің ертегісі" жобасы аясында 1 кезең бойынша  балабақшалардың жұмыс тәжірибесі көрсетілді.

«Жас оқырман» жобасын жүзеге асыру аясында «Бір отбасы-бір кітап» акциясын ұсынды. Акция отбасылық мәдени құндылықтарды дамытуға, отбасылық оқу дәстүрлерін жандандыруға, рухани адамгершілікті қалыптастыруға, балалардың кітап оқуға деген мүдделерін ынталандыруға бағытталған. Оған 600-ден астам мектеп жасына дейінгі балалар мен ата-аналар қатысты.

Форум жұмысына Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Қожахметова Гүлсім Шабданқызы, "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығының директоры Адамова Манара Елекенқызы, мазмұн бойынша бас сарапшы Бликова Жанар Байдәулетқызы, Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Археология және этнология және отандық тарих» кафедрасының доценті қатысты. Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының кеңесшісі, Ыбырай Алтынсарин білім академиясының корреспондент-мүшесі., профессор, техника ғылымдарының кандидаты Контаев Сәбит Сейтұлы, Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Тукбаева Айман Бекбулатовна, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстарының әдістемелік орталықтарының әдіскерлері қатысты.

Форум жұмысына Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарының 1000-нан астам педагогы, ата-аналары, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әріптестері қатысты.

Әріптестердің пікірінше, Форум жоғары кәсіби деңгейде өтті, конференцияға қатысушылардың жалпы көңіл-күйі жоба аясында одан әрі ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық тудырды.