Жазғы мектеп
2021 жылдың 26 мамырынан 19 маусымына дейін Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында Жазғы мектеп өткізіледі.
Жазғы мектеп өздерінің қалаулары бойынша тілек білдірген барлық оқушылар үшін ұйымдастырылады:
- оқу жылы бойы қашықтықтан/аралас форматта білім алған 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары;
- оқу жылы бойы қашықтықтан білім алған 1-5 сынып оқушылары;
- тілек білдірген 9 сынып түлектері.
Жазғы мектептің негізгі мақсаты оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру және үлгерімі төмен оқушыларға қиындық туғызатын күрделі пәндер мен тақырыптарды игеруде көмек көрсету.