2021 жылдың 10 мауысымында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды отырысы өтті. Кездесу тақырыбы: «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу».
Педагог-психологтар «Суицидтік мінез-құлықтың айқындылық дәрежесі бойынша балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу қадамдары» (Едембаева Г.К., Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжі) және «Суицидтің алдын алу бойынша диагностикалық материалдар мен тренингтік жаттығулар жиынтығы» (Шорина Б.Ж., Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық – техникалық колледжі; Зыкина Е. А., Сәтбаев индустриалдық колледжі; Нурсафина А.А., А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі) өзекті тақырыптары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Отырысқа облыс колледждерінің 37 педагог-психолог қатысты.