2021 жылдың 16 маусымында онлайн режимде «Теміржол көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің қорытынды отырысы өтті.
Онлайн отырысқа облыс колледждерінің 25 өндірістік оқыту шеберлері және оқытушылары қатысты.
Отырыста күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:
1) «Теміржол көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің 2020-2021 оқу жылындаға жұмысы туралы есебін тыңдау;
2) Қашықтықтан оқыту кезеңінде ОӘБ-нің одан әрі жұмысын онлайн режимде ұйымдастыруды талқылау;
3) «Теміржол көлігі» бағыты бойынша ОӘБ жұмысының келесі оқу жылына жоспарының жобасын жасау.
Отырыс қорытындысы бойынша ОӘБ төрайымы Оскина Н.Н. ОӘБ келесі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына түзетулер мен ұсыныстар енгізу туралы ұсыныс жасады.